Қарағанды облысы бойынша сағат 09:10-нан бері ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты "Молодежный кенті - Павлодар облысының шекарасы" (Қызылорда-Павлодар көлік жолының 1069-1135 шақырымдары) автожолының учаскесінде көліктің барлық түрлерінің қозғалысына тыйым салынды.
14 желтоқсандағы сағат 16:30-дeн бастап ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты Павлодар облысы бойынша барлық бағыттарда көліктің барлық түрлерінің қозғалысына тыйым салынды. 15.12.2012 жылы сағат 08:30-дан бастап Павлодар қаласы маңындағы ауылдарға ғана, Ақсу қаласы, Ленинский кенті, Павлодарское ауылы, Кенжекөл ауылына автобус бағыттары үшін қозғалыс ашылды.