«17 маусымнан (сенбі) бастап жаңа №329 қала маңы бағдары іске қосылады. Бағдар Бозайғыр ауылына қызмет көрсететін болады.
Жаңа бағдар Алаш тас жолындағы «Орталық базар» аялдамасынан Бозайғыр ауылына дейін қатынайды.
Жол жүру құны-300 теңге.
Бұл бағдарға «Iveco Daily» автобусы (1 бірлік) қызмет көрсетеді», - деп жазды «City Transportation Systems» ЖШС.
Жүру кестесін компания парақшасыың актуалды сторисінен көруге болады.
01:17, 17 Маусым 2023
Астанадан Бозайғырға қатынайтын автобус желісі іске қосылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадан Бозайғырға қатынайтын автобус желісі іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.