Түнгі ауысымға 1000-нан аса арнайы техника мен 200-ден аса жол жұмысшылары жұмылдырылды. Тротуар, аялдама, жер асты өткелдері сияқты көпшілікке арналған орындар қардан тазартылуда.
Бір күн ішінде коммуналдық қызметтер Астанадан 34 мың текше метрден аса қар шығарып, 2 681 ауыр жүк рейсін жасады.
Қыс мезгілінің басынан бері қар полигондарына 217 010 рейспен 3 млн текше метрге жуық қар шығарылды.
«Қазгидромет» РМК деректері бойынша Астанада 27 қаңтарда күн бұлтты, арасында қар жауып, боран болады деп күтілуде.
Оңтүстік-батыстан соққан жел екпіні күндіз 9-14, түнде 15-20 м / с. Ауа температурасы түнде -15-17, күндіз -13-15 аяз болады.