Астанадан бір түнде 3600-ден астам рейс қар шығарылды

Елордада желтоқсанның 19-ынан 20-сына қараған түні қала сыртына 50 мың текше метр қар, яғни жүк көлігімен 3600-ден астам рейс қар шығарылды, деп хабарлайды Кazinform Астана әкімдігі сайтына сілтеме жасап.

Фото: Астана әкімдігі

Бүгінгі таңда Астанада қар күреуге 2400-ден астам жол қызметкері мен 1600-ге жуық арнайы техника жұмылдырылды.

Бірінші кезекте қоғамдық көліктің қиындықсыз жүруі үшін негізгі магистральдар тазартылады. Ары қарай, қозғалысы орташа қарқынды учаскелер – алаңдар, вокзал маңындағы аумақтар, тротуарлар қардан аршылады.

«Қар күреу жұмысы тәулік бойы күшейтілген режимде жүргізіліп жатыр», - деді әкімдіктен.

 

Фото: Астана әкімдігі
Фото: Астана әкімдігі