Астанадан бір түнде 42 мың текше метрден астам қар шығарылды

АСТАНА. KAZINFORM - Елорданың коммуналдық қызметтері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Өткен түнде олар қаладан үш мыңнан астам жүк көлігіне тең қар шығарды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Фото: Астана әкімдігі

28 қаңтар күні таңертең елорда көшелерін қар мен мұздан тазартуға 2 400-ден аса жол жұмысшы мен 1 500-ден астам арнайы техника шықты.

Өткен түнде қаладан 42 228 текше метр қар шығарылды, бұл 3 200-ге жуық ауыр жүк көлеміне тең.

«Қыс мезгілі басталғалы бері елордадан үш миллион текше метрге жуық қар шығарылды, ол үшін полигондарға 738 175 жүк көлігі рейсі жасалды», — деп жазды әкімдіктен.