Астанадан Петропавлға таратуға 120 түйіншек есірткі әкелген күдікті ұсталды

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – Синтетикалық есірткі күдікті жігіттің рюкзагында болған.

Фото: polisia.kz

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, күдікті түйіншіктерді Астанадан алып, Петропавл аумағындағы жасырын орындарға орналастыруы тиіс болған. Алайда бұл әрекетін жүзеге асырып үлгермей, полиция қызметкерлерінің қолына түсті.

Фото: видеодан алынған скрин

Сараптама нәтижесінде тәркіленген заттың жалпы салмағы 273 грамнан асатын синтетикалық α-PVP есірткісі екені анықталды. Осылайша, полицейлер бірнеше мың дозаның қала көшелеріне таралуына жол бермеді.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүріп жатыр. 20 жастағы күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Есірткіні аса ірі мөлшерде өткізгені үшін оған 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Фото: видеодан алынған скрин

Полицейлер синтетикалық есірткіні таратуға қатысы бар адамдарды анықтау бойынша жедел жұмыстарды жүргізіп жатыр.

Бұған дейін Астанадан Абай облысына синтетикалық есірткі жеткізген күдікті ұсталғанын жазған едік.

Фото: видеодан алынған скрин