Астанадан Санта Клаустың отаны - Финляндияға тікелей ұшатын әуе рейсі ашылды

АСТАНА. 27 қыркүйек. ҚазАқпарат - Қазақстандықтар биылғы Жаңа жылды Санта Клаустың отанына тікелей рейспен ұшып барып, қарсы алу мүмкіндігіне ие болады.

Бұл рейсті фин компаниясы ашып отыр. Әзірге бағдарлама Жаңа жыл мерекесі кезінде үш рет чартерлік рейспен ұшып барып келуге арналған. Финляндияның солтүстігі - Лапландиядағы Леви курортына ұшу 4,5 сағатқа созылады.  

Левиде Жаңа жыл ерекше леппен аталып өтіледі. Демалыс орны аумағында түрлі мерекелік шаралар ұйымдастырылады, ал түнгі сағат 12-де үлкен отшашу болады. Балалар үшін ең қызықтысы нағыз Санта Клауспен кездесу, солтүстік бұғылармен танысу, иттер жегілген шамада сырғанау, Солтүстік шұғыланы тамашалау сияқты шаралар болмақ. 

Туристік пакеттің орташа бағасы 1619 еуро. Оған жолақы, қонақ үйде тұру сияқты қызмет түрлері кіреді.