Астанадан Щучье қаласына дейінгі жол жабылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Күн райының қолайсыздығына байланысты Астанадан Щучье қаласына дейінгі жол жабылды, деп хабарлайды ҚазАвтожол баспасөз қызметі.

Видеодан алынған кадр/ t.me/qazavtojol

«Ақмола облысында ауа райының нашарлауына байланысты (жаңбыр, қар, көктайғақ) «Астана-Петропавл» тасжолының Астана қаласынан Щучье қаласына дейінгі аралығы автокөліктің барлық түрі үшін жабық» делінген хабарламада.

Сондай-ақ, қазіргі сәтте жолшылар жаңа жауған қарды тазалап, жолдарға көктайғаққа қарсы материалдар сеуіп жатыр.