Астанадан шығатын барлық жолдар ашық

Астанадан шығатын барлық жолдар ашылды, деп хабарлайды Kazinform қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Ауа райының тұрақталуына байланысты 3 қаңтар түнгі 02:00-ден бастап республикалық маңызы бар «Астана-Ерейментау-Шідерті» тасжолының 16-159 шақырым аралығы, яғни Астана мен Ерейментау арасындағы жол бүкіл автокөлік түрлеріне ашылды.  

Осы күні таңғы 06:00 кезінде «Астана-Петропавл» автожолының 18-234 шақырым аралығында, Астана мен Щучье арасындағы учаскеде де көлік қозғалысына рұқсат берілді.