«Елордадан шығатын жолдар барлық бағыт бойынша жабылды. Жол қызметтері күшейтілген режимде жұмыс жасап жатыр», - делінген мәліметте.
City Transportation Systems компаниясының ақпаратына сәйкес, жолдардың жабылуына байланысты Астана маңындағы елді мекендерге қатынайтын барлық автобустар қозғалысын тоқтатты. Бұған дейін 6 бағдар линиядан алынғаны туралы мәлім етілген еді.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, ауа райының нашарлауынан таңертең 3 өңірде 8 жол учаскесі жабылды. Кейін республикалық маңызы бар тағы 3 жолда қозғалысқа тыйым салынды.
"Қазгидромет" РМК 22 қарашада күн райының бұзылуына байланысты 16 өңірде ескерту жариялаған болатын.