Ауа райының тұрақталуына байланысты Астана қаласы мен Ақмол ауылын жалғайтын жол барлық автокөлік түрлеріне ашық.
Сонымен қатар бүгін түнде «Екатеринбург-Алматы» тасжолының 1291-1426 шақырым аралығы ашылды. Бұл - Астана мен Теміртау арасындағы жол.
Осы «Екатеринбург-Алматы» жолының 1003-1247 шақырымында, атап айтқанда Астанадан Атбасар қаласына апаратын жолда дизельмен жүретін автобустардан басқа барлық автокөлік түрінің қозғалысына рұқсат берілді.
9 қаңтар таңғы 04.20 кезінде ауа райының тұрақталуына байланысты республикалық маңызы бар «Астана-Ерейментау-Шідерті» тасжолының 16-200 шақырымында қозғалыс жанданды.
Бұл - Астана қаласы мен Павлодар облысы шекарасын қамтитын жол.
Сондай-ақ таңғы 6.00 кезінде «Астана-Петропавл» жолының 18-291 шақырым аралығы, яғни Астанадан Көкшетауға дейінгі учаске ашылды.
Мұнда тек дизельмен жүретін қоғамдық көлік түрлеріне тыйым салынған.