Астанадан шығатын бірқатар жолдар жабылды
19:35, 22 Қараша 2018
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауа райының бұзылуына байланысты Астана қаласынан шығатын бірқатар автожолдар жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«22 қараша күні сағат 19.00-де ауа райының қолайсыздығына байланысты (қар аралас жаңбыр, екпінді жел, көктайғақ) «Астана - Қарағанды», «Астана-Қабанбай батыр», «Астана-Қорғалжын» тас жолдары барлық автокөлік түрлері үшін жабық», - делінген iKomek Мониторингілеу және шұғыл әрекет ету қалалық орталығының мәліметінде.
Еске салайық, «Қазгидромет» РМК бұған дейін Батыс Қазақстан, Қостанай және Жамбыл облыстарында ескерту жариялаған болатын.
Сондай-ақ 22-24 қараша күндері аралығында ел аумағында қар жауып, күшті жел соғатыны хабарланды.