Астанадан шығатын үш бағытта жолдар жабық
16:42, 05 Желтоқсан 2014
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қатты боранға байланысты еліміздің бірқатар республикалық жолдарының учаскелерінде көоік қозғалысы шектелді.
Атап айтқанда «Астана-Петропавл» жолының 18-231 шақырымындағы Астана мен Бурабай аралығында барлық көлік түрлері үші жол жабылды.
Бұдан бөлек, «Астана-Ерейментау-Шідерті» жолының 18-259 шақырымында Астана мен Шідерті аралығында жолға шығуға тыйым салынды.
Мұнымен қоса, «Екатеринбург-Алматы» жолындағы Астана мен Қарағанды аралығында жол жабық.
Ал «Жезқазған-Петропавл жолының 252-441 шақырымындағы Қарағанды облысы шекарасы мен Державинск аралығында көлік қозғалысы шектелді.