АСТАНА. Қаңтардың 21-і. ҚазАқпарат - Астанадан шығатын жолаушылар және дизелді автокөліктер үшін жол қозғалысы жабық. Бұл ақпаратты еліміздің Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі таратып отыр.
«Ауа температурасының төмен болуына орай кеше сағат 20:50-ден бастап барлық бағыттар бойынша жол қозғалысы жабылды» делінген баспсөз хабарламасында.
Сонымен қатар Қазақстанның үш облысында, атап айтқанда, қаңтардың 20-сы күні сағат 16:00-ден бастап Шығыс Қазақстан облысында, 19:00-ден бастап Қарағанды облысында және қаңтардың 19-ы күні сағат 21:40-тан бастап Павлодар облысындағы автожолдар жабық күйінде қалды.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.