Осыған байланысты аталған учаскеде қозғалыс ішінара шектеледі. Дегенмен көлік қозғалысы екі бағытта да жолдың бір жағымен ұйымдастырылады.
— Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады, — делінген хабарламада.
Бұдан бұрын «Астана қаласының айналма жолы» автожолының учаскесінде қозғалыс уақытша шектелетінін жаздық.