Астанадан Вьетнамға шыққан ұшақ елордаға қайтуға мәжбүр болды

Фото: vietjetair.com

АСТАНА. KAZINFORM- Жексенбі, 24 тамыз күні Астанадан Нячангқа ұшып шыққан VietJet Air ұшағы елордаға қайта оралуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Астана әуежайының баспасөз қызметі.

- Әуе кемесінің аэродромға қайта оралуы туралы шешімді жолаушылар мен экипаждың қауіпсіздігіне және авиациялық тәртіпке сәйкес, экпаж командирі қабылдады, - делінген хабарламада.

Ұшақта Астана әуежайында қабылдау үшін барлық қажетті жағдайлар жасалды.

Ұшақ жерге штаттық режимде қонды.

Еске сала кетейік, бүгінде Қазақстанда әуе кемелерінің паркінде 104 ұшақ бар.