«Астанаэнергосбыт» ЖШС шілденің 1-інен бастап жеке тұлғаларға арналған электр энергиясын есептеудің жаңа механизмін енгізеді

АСТАНА. Сәуірдің 25-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - «Астанаэнергосбыт» ЖШС шілденің 1-інен бастап жеке тұлғаларға арналған электр энергиясын есептеудің жаңа механизмін енгізеді.

Бұл туралы ҚазАқпарат Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Естеріңізге сала кетейік, кеше Астана қаласының әкімдігінде энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың электр энергиясына арналған тарифтерді тәулік белдеулері бойынша және оны жеке тұлғалардың тұтынатын көлеміне қарай саралау тәртібін түсіндіруге арналған жиналыс өткен болатын.Тоқтала кететін жайт, ҚР «Электр энергетикасы туралы» Заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес жеке тұлғалар үшін екі белдеулік бірыңғай тарифпен, ал заңды тұлғалар үшін үш белдеулі тариф жүйесінде есепке алынады. Мұнымен бірге түрлі аймақтарда түнгі белдеудегі тариф қолданыстағы бірыңғай тарифке қарағанда 2,5 нан 4,5 есеге төмендетілген. Сонымен бірге 2009 жылғы ақпанның 20-сында бекітілген Ереже бойынша электр жүйесін дамытудың электр энергиясы үшін төлемақыны тұтынатын көлеміне қарай сараланған тарифі енгізіледі. «Астанаэнергосбыт» ЖШС жеке тұлғаларға арналған электр энергиясын есептеудің жаңа тетігін 2009 жылғы шілденің 1-інен бастағалы отыр. Осыған орай қолданылған электр энергиясын тұтынушылар тұтынылған көлеміне байланысты ең төменгі және ең жоғарғы тарифі бойынша төлемдерді жүзеге асыраытын болады. Бірыңғай тарифтағы өзгеріске сәйкес электр энергиясының сараланған тариф мөлшері де өзгереді. Өкілетті орган жергілікті атқарушы органның келісімі бойынша электр энергиясын қолдану көлемі ең жоғары тариф бойынша электр плиталарын қолданушылар және қолданбайтын тұлғалар үшін бөлек бекітіледі», делінген баспасөз қызметі таратқан мәліметте. Жалпы жаңа тетік бойынша жеке тұлғалар тұтынған электр энергиясына арналған тарифтерді тәулік белдеулері мен жеке тұлғалардың тұтынатын көлеміне қарай саралап анықтау ПИК мөрімен расталып, үй кітабында немесе анықтамада тіркелген жеке тұлғалардың саны бойынша жүргізіледі.