ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті табиғи монополиялар саласына жатқызылған қызметті бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылатындығын атап өту қажет, деп хабарлайды ҚазАқпарат департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Осыған байланысты, табиғи монополиялар субъектілерінің іс-әрекеттерімен келіспеген жағдайда, атап айтқанда коммуналдық қызметтер бойынша төлем сомалары жоғары түбіртек келіп түскен кезде, елорданың әрбір тұрғыны ТМРКД-ның атына: Нұр-Сұлтан қаласы, Петров көшесі, 5 мекенжайы бойынша немесе k.kense@economy.gov.kz. e-mail өтініш беруге құқылы.