«Астанафильм» киностудия жобасы уақытша тоқтатылды

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ЭКСПО аумағындағы «Астанафильм» жаңа киностудиясын құру жобасы уақытша тоқтатылды. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Кинематография және театр өнері басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазір жоба(Астанафильм – ред) уақытша тоқтатылды. Бұл мәселені әзірге кейінге қалдыра тұрудытапсырды», - деп жауап берді Кинематография және театр өнері басқармасыныңбасшысы Алтынгүл Нұрбекова.

Сонымен бірге,басқарма аталған жобаның тоқтатылу себебін түсіндірмеді.

Айта кетейік,«Астанафильм» киностудиясын құру бастамасын Мәдениет және спорт министрлігі2018 жылдың қыркүйек айында хабарлаған еді.


Жаңа кешен ЭКСПОаумағында шамамен 5 жылда салынуы тиіс болған.