«Астанафильм» киностудиясы жобасы іске аса ма – министрдің жауабы

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова «Астана» киностудиясы жобасының жайы не болатынына қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жұмыс шынында да, уақытшатоқтатылды. Себебі, бұл өте салмақты жоба. Біздің еліміз үшін керемет әрі қоғамүшін маңызды жоба шынайы іске асу үшін барлық мүмкіндіктер қарастырылып,есептеліп жатыр. Меніңше, жуық арада Сіздерге бәрін есептеп, жауап береміз.«Астана» киностудиясының жобасы объективті себеп бойынша уақытша тоқтатылды», -деді Ақтоты Райымқұлова Үкімет отырысынан кейін тілшілердің сұрағына жауап береотырып.

Еске сала кетсек, «Астанафильм»киностудия жобасы уақытша тоқтатылғаны бұған дейін хабарланған болатын.


Соңғы жаңалықтар