Астанаға 5 мың тоннадан астам көмір жеткізілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Осы күнге дейін қалаға 46,7 мың тонна көмір жеткізілген, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің медиа орталығы.

«1 қыркүйек 11 қазан аралығында Астана қаласына 50 мыңға жуық тонна көмір жеткізілді. Қаламызға көмір әртүрлі кен орындарынан тасымалдануда - «Майкөбе», «Қаражыра», «Богатырь», «Сарадыр» және «Шұбаркөл». Тұрғындар арасында «Шұбаркөл» көміріне сұраныс жоғары», - деп атап өтті Астана қаласы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Рысгүл Қауғабаева.

Оның айтуынша, Астана қаласында көмір тапшылығы жоқ.

«Қазіргі күні кен орнынан артылған 7 мың тонна көмірдің 5 600 тоннасы Астанаға жеткізілді және де осы екі күн ішінде тағы 5 мың тонна көмір жеткізіледі. Күн сайын тек осы «Шұбаркөл» атты түрінен қалаға 1,5 мың тонна көмір жеткізілетін болады», - деді Рысгүл Қауғабаева.

Қала бойынша көмір сататын 15 орын бар. Оның ішінде 7-і ірі сатылым орындары.