«Шағын және орта бизнес бүгінде елорда экономикасының жартысынан астамын қамтиды. Бірақ біз бизнес үшін әлем өте тез өзгеретінін түсінеміз, күн сайын экономикалық салаға жаңа технологиялық сын-қатерлер мен қиындықтар келеді. Сондықтан біз сіз үшін жаңа форматта «Astana Bastau-Бизнес аумағы» бизнес - семинарын өткізуді шештік», - деді Әсе Искешев.
Семинардың басты мақсаты - бизнесмендерге өз ісін және жалпы ойлауды өзгерту арқылы алға сапалы серпіліс жасауға мүмкіндік беру.
Семинарда қатысушылар келесі бағыттар бойынша біліктіліктерін арттыра алады: бизнесті цифрландыру (орау, траффик және лидогенерация), инвестицияларды тарту,бизнесті үлкейту және тиімді сатуды құру техникасы.
Семинарда спикерлер ретінде «фанк стиліндегі бизнес» бестселлердің авторы Кьел Нордстрем, ТМД - дағы нөмірі 1 нетуоркинг бойынша сарапшы Гил Петерсил, Like холдингінің негізін қалаушы және иесі Аяз Шабутдинов және т. б. сияқты бизнестегі әлемдік сарапшылар сөз сөйлейді. Іс-шара 22-23 қыркүйекте «Барыс-Арена»мұз сарайында өтеді.
Кәсіпкерлерге аталмыш шараға тегін қатыса алады.