Астанаға әлемнің жеті елінен жас орындаушылар келеді

АСТАНА. 26 маусым. ҚазАқпарат - «Бозторғай» қоғамдық қоры «Бәйтерек» монументінінің алдындағы алаңда 3-ші «Шаттық» Халықаралық фестивалін өткізеді.

Фестиваль 5-7 шілдеде өтеді, гала-концерт пен жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 6 шілдеде болады, деп хабарлады Қала күнін мерекелеу және өткізу бойынша ұйымдастыру комитетінің штабы.

Қазақстанның барлық өңірлерінен жиналған жас әншілер, бишілер мен халық әндерін орындаушылар, сұлулық театрлары, сондай-ақ Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Литва, Қытай, Түркия мен Болгариядан әртістер елордамыз Астанаға келеді деп күтілуде.

Фестивальге 5-18 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер қатысады. Бағдарлама вокал, хореография, фольклор, инструменталды, сұлулық теартры сияқты жанрлардан тұрады.