Астанаға америкалық әртіс Николас Кейдж келеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылдың 22-28 шілде аралығында "ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Астана қаласында Канн, Берлин, Венеция сынды «А» классының фестивальдерімен тең дәрежеде продюсерлік қауымдастықтың Халықаралық одағында тіркелген, Орта Азиядағы ауқымды кинофорум болып табылатын ХІІІ Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі өтеді. Аталмыш кинофестивальдің елордамыз Астанада өтізілуі екінші рет. Бұған дейін халықаралық үздік фильмдер фестивалі Астанада 2008 жылы өткен болатын.

2012 жылы «Еуразия» халықаралық кинофестивалін ұлыбританиялық Жылына бір рет жарық көретін «International Film Guide» журналы оны әлемнің 35 жетекші   кинофестивальдерінің тізіміне қосты.

«Еуразия» кинофестивалінің негізігі мақсаты- Қазақстан кино индустриясын дамыту, кино өнеріне кең жұртшылықтың қызығушылығын арттыру және Азия мен Европа елдерінің жемісті ынтымақтастығы үшін шарттар ойластыру.

13-ші «Еуразия» кинофестивалі бағдарламасында, бүгінгі таңда Қазақстанның астанасында өтіп жатқан әлемдік ауқымды іс-шара- «Астана Экспо-2017» халықаралық  мамандандырылған көрмесінің тұжырымдамасымен үндес «Мәдениеттер көпірі» тақырыбы қозғалады. Сондай-ақ, осы жолы бір аптаға созылатын кинофестивальдің шетелдік қонақтарының қатарында әлемге есімдері танымал, «Оскар» және «Алтын глобус» лауреаты, белгілі америкалық әртіс Николас Кейдж, "Оскар" жүлдесінің екі дүркін номинанты Джон Ма́лкович және "Оскар" және "Сезар" премияларының иегері, актер, әрі продюсер Эдриен Броуди сынды голливудтың жарқын жұлдыздары бар. Сондай-ақ, кинофестивальге американдық актриса Бай Лин, фестивальдік қозғалыстың орасан зор қайраткері, продюсер Марко Мюллер, осы жылғы «Евразия» ХКФ-інде негізгі қазылар алқасын басқаратын, Канн кинофестивалінің лауреаты Сулейман Сиссе келмек. Еуразия кеңістігіндегі соңғы жылы түсірілген ең үздік картиналарды көрсететін аталмыш кинофестиваль қай кезде де әлемге танылымал айтулы қонақтарымен қадірлі екенгдігі айқын.

Айта кету керек, биылғы «Еуразия» халықаралық кинофестивалі  2016-2017 жылдары жарық көрген кең ауқымды әлемдік фильмдердің көрсетілімін  ұсынады. Конкурстық және конкурстан тыс секцияларға толықметрлі және қысқаметрлі картиналар, авторлық және жанрлық кино кіреді. «Бес құрылық» балалар фильмдерінің конкурсы, сонымен қоса, Экспо-2017-мен бірігіп ұйымдастырылған дамушы елдер бағдарламасы «6 плаза»  өтеді.

Кинфоестивальдің тарихында тұңғыш рет «Еуразия» ХКФ-нің аясында ТМД, Шығыс, яғни  Қытай, Үндістан, Оңтүстік Корея және Батыс елдерінің фильм сатушылары мен сатып алушыларының қатысуымен Eurasia Film Market Дәстүрлі бизнес-алаңы киножобалар питчингтерін, дөңгелек үстелдерін, баспасөз-конференцияларын, шеберлік-сағаттарын және арнайы іс-шараларын ұсынады.

Дәстүр бойынша кинофести­вальдың жабылу салтанатында Гран-Приді жеңіп алған фильм көрсетілетін болады.

Естеріңізге сала кетейік, халықаралық «Еуразия» ки­нофестивалі 1998 жылдан бері өткізіліп келеді.

XIII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі  Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт Министрлігінің тапсырысымен «Ұлттық кинематография өнері мен ғылымдарының академиясы» Қоғамдық бірлестігімен іске асырылады. Ақпараттық қолдау көрсетуші - «Хабар» агенттігі.