Астанаға Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев келді
16:21, 02 Қараша 2023
Астанаға Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев келді, деп хабарлайды Kazinform Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ол 3 қарашада өтетін Түркі мемлекеттері ұйымының мерейтойлық саммитіне қатысады.
Саммитке Әзербайжан Президентімен қатар Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан, Мажарстан және Түрікменстан басшылары қатысады.
Ильхам Әлиевті елорда әуежайында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов күтіп алды.