Астанаға бет алған «Эйр Астана» ұшағы Дубайға қайта қонуға мәжбүр болды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат -Ұшақтың әуежайға қайта келіп қонуына байланысты Дубай-Астана бағытындағы әуе рейсі тоқтатылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Ұшақтан шыққан ақауға байланысты әуежайға кері оралу, ұшқыштар тарапынан жасалған сауатты шешім болды. Әуе кемесі Дубайға штаттық режимде Астана уақытымен 21.53-те келіп қонды. Инженерлік қызмет ұшақты тексеру барысында жалған дабыл сигналының қосылып кеткенін анықтады. Жолаушылар қонақүйге орналастырылды»,-деп хабарлайды Эйр Астана.

Толық тексеруден өткен ұшақ Астанаға Дубай уақытымен 9.35-те келіп қонды. Әуе компаниясы жолаушыларға оқиғаға байланысты өтемақы алу туралы кеңес берді.