ТЖМ мамандарының болжамынша, Астанада құбылмалы бұлтты. Жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Күндіз кей уақытта қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Желдің жылдамдығы 9-14 м/с, екпіні 20 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 20... 22°C, күндіз 26... 28°C.
Алматыда құбылмалы бұлтты. Күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай болады. Желдің жылдамдығы 3-8 м/с, күндіз екпіні 18 м/с дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде 21... 23°C, күндіз 34... 36°C.
Шымкентте құбылмалы бұлтты. Қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Желдің жылдамдығы 8-13 м/с, күндіз екпіні 20 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 22... 24°C, күндіз 33... 35°C.
Айта кетейік, бүгін 29 еліміздің бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жариялады.