деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шілденің 26-сында сағат 05.00-те «Дюссельдорф-Киев-Астана» рейсімен Германияның Дюссельдорф қаласынан Астанаға келген ол әйелден әуежайда Астана қаласының Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің қызметкерлері A/H1N1/ пандемиялық тұмауы диагнозы күдігімен сынама алған және 21 жасар неміс азаматшасына вакцина еккен болатын.
Шілденің 27-сі күні сағат 01.10-да A/H1N1/ пандемиялық тұмау диагнозы расталды. Науқас пен онымен қарым-қатынаста болған адамдар (12 бала) медициналық бақылауға алынды.