Кешелі бері қала тұрғындары әлеуметтік желіде қазандықтан қою қара түтіннің шығып тұрғаны көрінетін видеоларды таратып жатыр. Халық соның салдарынан ауа сапасының күрт нашарлап кеткенін, дем алудың өзі қиындағанын айтып шағымдануда.
Осыған байланысты Абай облысының экология департаменті «Теплокоммунэнерго» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жоспардан тыс тексеру жүргізді.
- Тексеру нәтижесінде «ЖЭО-1», «РК-1», «Орталық» және «Ғаббасов» қазандықтарының мұржаларында шығарындыларды бақылаудың автоматтандырылған жүйесі орнатылмағаны анықталды. Соған орай кәсіпорынға қатысты әкімшілік іс қозғалды, - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.
Еске салсақ, осыған дейін өскемендіктердің ауа сапасына шағымданғаны хабарланған.