Ал 16-17 қарашада Николай Гогольдің «Женитьба» комедиясы ұсынылады. Спектакльдерге Ресейдің белгілі театр мен кино актерлері Наталья Егорова, Евгения Добровольская, Никита Зверев, Юрий Стоянов, Яна Гладких, Станислав Дужников, Анна Банщикова және тағы да басқа әртістер қатысады.
«Бүгін біздің әкелген қойылымда өте қарапайым адамдардың өмірі, махаббат, сүйген жандардың арасындағы қарым-қатынастар, үйлесімсіздік, өзара түсініксіздік суреттеледі. Мұндай толқуларды, сезімді және күйініштерді, меніңше, әрбір адам өмірінде басынан өткерсе керек», - дейді әйгілі ресейлік актриса Анна Банщикова.
«Астаналық көрермендер алдында біз өте қатты қобалжып отырмыз. Конгресс холл сахнасы біздің үйреншікті залдан бірнеше есеге үлкен. Маған суық тиіп, даусым да отырған. Дегенмен актерлерді сахна емдейді емес пе, қойылым жақсы өтеді деп үміттенемін», - дейді А.Банщикова.
Еске сала кетейік, Олег Табаковтың жетекшілігімен А.Чехов атындағы Мәскеу көркем театрының гастрольдері 14-17 қараша аралығында «Астана - Тәуелсіз мемлекеттер достастығының мәдени астанасы» халықаралық жобасының шеңберінде өтеді.