«Бүгінгі таңда Астанаға газ құбырын тартудың екі жобасы бар. Олар: Қостанай облысынан тартылатын «Қарталы - Тобыл - Көкшетау - Астана» магистралі мен «Бейнеу - Бозой - Шымкент» құбырына «Қызылорда - Жезқазған - Теміртау - Қарағанды - Астана» магистралін жалғау арқылы елордаға газ жеткізу. Бірінші жоба бойынша жұмыстар атқарылды, жобалық-сметалық құжаттамасы да бар. Екінші магистраль бойынша аздаған теxникалық-экономикалық есептеулер жасалды. Қазіргі уақытта екі жобаны да тоқтата тұру туралы шешім шығарылды. Әзірге белгісіз мерзімге», - деп атап өтті департамент директоры.
16:32, 18 Наурыз 2016
Астанаға газ тарту жұмыстары белгісіз мерзімге тоқтатылды - Энергетика министрлігі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанаға газ тарту жөніндегі мәселе белгісіз мерзімге тоқтатылды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслиxатында ҚР Энергетика министрлігі газ өнеркәсібін дамыту департаментінің басшысы Ғалым Нұрғазиев мәлім етті.