Атап айтқанда, қазақтың алып жігіттерінің бірі Төлеген Ақылбеков пен америкалық Боб Сапп айқасатын болады, деп жазады «Алаш айнасы» газеті.
Боб Саппты көпшілік актер ретінде таниды. Ол ойнаған фильмдер де киномандар арасында кеңінен сұранысқа ие. Мәселен, «Конан-Варвар», «Үлкен Стэн», «Электра», «Қан мен сүйек» сынды фильмдерді білмейтін қауым кемде-кем шығар. Осы туындының барлығына да Боб Сапп өз қолтаңбасын қалдырған. Дегенмен Сапп - бірінші кезекте актер емес, спортшы, төбелескіш, ережесіз жекпе-жек мықтыларының бірі. 1974 жылы дүниеге келген. Бойы екі метрге жуық, салмағы бір жарым центнер. Алғаш рет ережесіз жекпе-жекте 2002 жылы төбелесіп, қарсыласын жеңген. Сегіз бұрышты алаңдағы жауыздығына байланысты көпшілік оны «Айуан», «Қаныпезер құбыжық» атап кеткен. Талай мәрте бушидо рингінде атақты жапондардың өздерін бір соққымен сұлатып отырған. Шоумендігі де бар. Олай дейтініміз, спорт әлемінде «Боб кейбір қарсыластарына әдейі жеңіледі екен» деген сыбыстар өріп жүр.
Енді бұл «алып құбыжық» 8 маусым күні Астананың «Сарыарқа» велотрек кешенінде қазақтың қайсар жігіті Төлеген Ақылбековпен айқасады