Мәскеу маңындағы Королев қаласынан арнайы автофургонмен жерге қонатын аппараттың макеті және қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетовтің скафандр макеті әкелінді, деп хабарлады агенттікке «Қазақстан Ғарыш Сапары» АҚ-дан.
«Макеттер А. Айымбетовтің ұшырылымы кезінде пайдаланылған, алайда тек экспонаттау үшін дайындалған скафандр мен кәдімгі жерге қонатын аппаратты қамтиды. Осылайша, Роскосмос ғарышкер А.Айымбетовтің ХҒС-қа ұшуы туралы келісімшарт бойынша өзінің міндеттемелерін орындауды аяқтайды», - деп атап өтті Қазақстандағы Роскосмос өкілі Анатолий Красников.
«Айдын Айымбетовтің ғарышқа ұшырылымы туралы келісімшартты толық аяқтау үшін ресей тарапынан ғарышта жүргізілген ғылыми-техникалық эксперименттер туралы бекітілген есепті күтіп отырмыз», - деді Қазғарыш басқармасының бастығы Гүлжан Смайылова.
Аппарат пен Айымбетовтің скафандрының макеттері Ұлттық ғарыш орталығында сақтаулы, ол алдағы уақытта салынатын қазақстандық және әлемдік ғарышкерлік тарихы мұражайына қойылады.