Астанаға келген туристер саны 12 пайызға өсті

АСТАНА. KAZINFORM — Бұл туралы қалалық Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәжілісінде Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқарма басшысының орынбасары Мақсат Жаңабаев айтты.

Фото: Kazinform

— 2026 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша, Астанаға 352,2 мың турист келді. Оның ішінде 67,9 мыңы — шетелдік қонақтар. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12 пайызға көп. Ал 2025 жылдың қорытындысында елордаға келген туристер саны 1,6 миллион адамға жетті. Оның 380 мыңнан астамы — шетелдік туристер, — деді ол.

Спикердің айтуынша, елордаға келетін шетелдік туристердің басым бөлігі Ресей, Қытай, Түркия, Германия және АҚШ азаматтары. Сонымен қатар Өзбекстан, Қытай және Біріккен Араб Әмірліктерінен келетін туристер саны тұрақты түрде өсіп келеді.

Сонымен қоса ол қаладағы туристік саланың дамуына халықаралық форумдар, мәдени іс-шаралар мен концерттердің көбеюі де ықпал етіп отырғанын атап өтті. 

Айта кетелік биыл Астанаға қандай әлемдік жұлдыздар келетіні туралы жазған едік