Астанаға Қытайдан жеткізілген батыс гүл трипсімен залалданған қалампыр партиясы жойылды

Астана халықаралық әуежайы фитосанитариялық бақылау пунктінде қадағалау іс-шараларын жүргізу барысында қалампыр кесінділерінен морфологиялық белгілері бойынша карантиндік объектілерге ұқсас заттар анықталды.

Фото: АШМ

«1600 қалампыр партиясы Қытай Халық Республикасынан әкелінген.

Іріктелген үлгілер карантиндік зертханалық сараптама жүргізу үшін Республикалық өсімдіктер карантині орталығына жіберілді. Сараптама қорытындысына сәйкес, карантиндік объектінің батыс гүл трипсімен залалданғаны расталды», — деп жазды Ауыл шаруашылығы министрлігінен.

Әкімшілік хаттама жасалып, іс сотқа жіберілді.

Ауданаралық мамандандырылған соттың шешіміне сәйкес ластанған өнім өртеу арқылы жойылды.