Шоу барысында әртістік элементтермен аралас қытайлық дәстүрлі жекпе-жектер көрсетіледі. Бұл ежелгі қоян-қолтық ұрыстың мүлдем жаңа бір түрі. Жауынгерлердің айқын әрі үйлестірілген айла-әрекеттері медитативті практикалармен үйлесімділікте жақсы энергетика мен тыныштық сезімін тудыратын болады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, Kungfu revelations жанға жайлы жақсы терапия әрі демалыс болып табылады. Өйткені шоуға қатысушылардың іс-қимылын бақылаған кезде адамның денесі босаңсып, ол өзінің жаны мен тәнінің жаңа қырларын тани бастайды.
Бұл шоудың әлемде аналогы жоқ, ол төрткүл дүниеде кеңінен танымал. Kungfu revelations - Шанхайда өткен «ЭКСПО-2010» көрмесі бағдарламасының басты іс-шараларының бірі болды.
Шоу «Астана» концерт залында өтеді. Кіру кұны 700 теңгеден 2000 теңгеге дейін. Билеттерді www.koncertyastany.kz сайтынан сатып алуға болады.