Астанаға он айда басқа облыстардан 41 620 адам келді

None
АСТАНА. 15 қараша. ҚазАқпарат - Елордасы Астанаға  ауыстырылған сәттен  бері халық саны үнемі арта түсуде.

Астана қаласы ІІД Көші-қон басқармасының мәліметтері бойынша, 2012 жылдың қаңтарынан  қазанына  дейін Қазақстанның басқа облыстарынан  Астанаға - 41 620 азамат қоныс аударды. Бұл жайында елорданың ресми сайтында хабарланған.

Атап айтқанда, 81 278 шетелдік азамат  уақытша тіркелген. Алыс шетелдерден уақытша келетіндер санын негізінен түрік азаматтары құрайды  - 7 117, ҚХР - 3 733.

ТМД елдері: Ресей Федерациясынан - 16 112, Өзбекстаннан  - 30 999, Қырғызстаннан - 11 379, Әзірбайжаннан - 3 457 азамат келген.