Астанаға Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев келді

Астанаға Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев келді, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі.

Фото: Үкімет

Оны елорда әуежайында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов күтіп алды.

Фото: Үкімет

 



Шавкат Мирзиёев Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия, Мажарстан және Түрікменстан басшыларымен бірге Түркі мемлекеттері ұйымының 10-шы саммитіне қатысады.