«Өткен жылы елордаға шетелден жұмыс күшін тартуға 1331 квота бөлінді. Оның ішінде 820 квота берілді. Шетелдік жұмысшылардың 91,2 % жетекшілер және білікті мамандар. Сонымен қатар, өз саласының І санаттағы жұмысшыларға 97 квота, ІІ санат 225, III санат 432 және IV санаттағы шетелдік жұмысшыларға 66 квота берілді», - деді Илья Скуб елорда мәслихатының отырысында.
Астанаға шетелден тартылатын мамандардың көбісі құрылыс саласына тиесілі 56 % (853), одан кейін кәсіби ғылым және техникалық қызмет 8,6 % (132), білім 6,6 % (101), одан бөлек әртүрлі қызметтердің үлесі 6,2 % (95).
«Былтыр қазынаға 400 000 000 теңге салық төленді. Елордадағы жұмысшылардың 96%-ы өз азаматтарымыз. Шетелден келетін мамандар санына келсек, Сербия 808, Түркия 209, Қытай 151 және Украинадан 107 сала маманына квота берілді», - дейді ол.
Оның айтуынша, биыл шетел азаматтарын елімізде еңбек етуге 1191 квота бөлінді.