Іс-шараға ұйымға мүше мемлекеттердің сыртқы саяси ведомстволарының басшылары, Шанхай ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы және ШЫҰ Өңірлік терроризмге қарсы құрылымы Атқарушы комитетінің директоры қатысады.
«Отырыс барысында биыл Астанада өтетін ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына дайындық барысын қарау жоспарланған. Делегация басшылары Ұйым аясындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы халықаралық және өңірлік ахуал, қауіпсіздік әрі ынтымақтастықты дамыту мәселелері бойынша пікір алмасады. Отырыста Ұйымның алдағы саммитінің қорытынды құжаттарына қатысты бірқатар шешімге қол қою, сондай-ақ ақпараттық хабарлама қабылдау ескерілген», - деді Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров министрлікте өткен апталық баспасөз мәслихатында.