Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарланды.
«Бұл жолы оңтүстікқазақстандық диқандар Астана қаласына 72 млн теңгеге жуық қаржының өнімдерін алып келуді жоспарлап отыр. Арнайы жәрмеңке үшін аттандырылған керуенде жалпы еттің 5 түрінен 50 тонна, сүт өнімдерінен 8 тонна, көкөністен 58 тонна, картоптан 15 тонна, бақша өнімдерінен 63 тонна, жемістен 37 тонна және 36 тонна басқа да түрлі өнімдер бар. Бұлардың барлығы елорда алаңында нарықтағы базар құнынан 20 пайызға дейін арзандатылған бағамен сатылады», - делінген баспасөз айғағында.
Ауыл шаруашылығы өнімдері тиелген көлік керуенін Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Берік Оспанов шығарып салып, сәт сапар тіледі. Еске сала кетсек, дәстүрлі күзгі жәрмеңке Астана қаласының орталық алаңында 22-23 қыркүйек күндері өтеді