Жұмыс іздеп келген 1114 адам 2020 жұмыспен қамту бағдарламасына қатысушылар құрамына енгізілді, деп хабарлайды қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасынан.
Елорданың ресми сайтының жазуынша, аталған басқармада елорданың 439 жұмыс берушісінен 737 бос жұмыс орны бар. Мұндағы негізгі мамандықтар - техникалық жұмысшылар мен құрылысшы мамандықтары: жол жөндеу жұмысшылары, қара жұмысшылар, монтажшылар, электриктер, газбен, электрмен дәнекерлеушілер, сантехниктер, слесарлар, арматурашылар, токарлар мен түрлі өнеркәсіп саласының инженерлері. Сондай-ақ, дәрігерлер мен медициналық қызметкерлер, мұғалімдер мен мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиешілері, даяшылар мен аспаздар және басқа да мамандықтар.