Астанаға Түрікменстан президенті келді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов мемлекеттік сапармен Астанаға келді, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Бұған Түрікменстан мемлекеттік ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, «кездесу түркімен-қазақстандық достық қатынастар тарихына маңызды тарауды енгізуге арналады».

Агенттік ел Президенті Қазақстан астанасында 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне Түрікменстанның қатысуы туралы қаулыға қол қойғанын атап өтеді.

Еске салсақ, Гурбангулы Бердімұхамедов 2017 жылы 12 ақпанда республика президенті болып үшінші мерзімге қайта сайланды. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Г.  Бердімұхамедовті сайлаудағы жеңісімен құттықтап , Қазақстанға сапармен келуге шақырған болатын.