«Біздегі мәлімет бойынша, «Астана»-«Галатасарай» матчында қонақтар тарапынан жанкүйелер өте аз келеді. Шамамен 200-300 адам келеді деп күтілуде, оның өзі - клубтың қызметкерлері немесе команданың ресми әріптестері. Яғни, матчқа «Галатасарайдың» жанкүйерлері ағылып келмейді», - деген Қ.Бекенов бұл сөзіне мынандай дәлел келтірді.
«УЕФА-ның регламентіне сәйкес, қонаққа келетін команда мачт өтетін стадионның жалпы сыйымдылығына сәйкес, билеттердің 5 пайызын сатып ала алады. Ал «Астана-Арена» стадионының сыйымдылығы бойынша, 5 пайыз дегеніміз - 1500 билет. Бірақ, осы аптада «Галатасарай» командасы бізге ресми хат жолдады. Хатта көрсетілгендей, команда осы квотаны, яғни, 1500 билетті сатып алмайтынын растады. Есесіне, бұл билеттер енді өз жанкүйерлерімізге салытатын болды», - деп түсіндірді Қ.Бекенов.
Естеріңізге сала кетейік, 30 қыркүйек күні «Астана-Арена» стадионында өтетін «Астана»-«Галатасарай» билеттерінің 80 пайызы сатылып кеткен.