Әуел баста бұл орталық занамауни технологияларды енгізетін зертхана ретінде құрылған. Зертханада қуат үнемдеу, жылыжайларды тиімді қуатпен қамтамасыз ету, «жасыл» технологиялар мен қалдықтарды пайдаға асыру салаларында ондаған жобалар жүзеге асырылды. 1 050 шаршы метр аумақты алып жатқан мектептің сыныбы, 30 орынға арналған қонақ үйі, асханасы, фитодиотты жылыжайы бар. Бұл мектепке келген адамдар «жасыл» технологияның неше түрлі әдіс-тәселдерін үйреніп, керек кеңес ала алады. Академияның дәрісін толық аяқтаған адамға тиісті сертификат беріледі.
16:41, 04 Қыркүйек 2015
Астанаға жақын жерде «жасыл» технологиялар академиясы ашылды (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласынан 30 шақырым қашықтықтағы Арнасай ауылында бірегей оқу орны ашылды. «Жасыл» технологиялар» халық академиясы» енді қазақстандықтарға қуат және су үнемдеудің әдіс-тәсілін үйрететін болады.