«Бұл марапат кәсіпорын жетістіктерінің ғана емес, сондай-ақ, заманауи қарқынды мегаполис ретінде Астананың сәулет және қала құрылысының үйлесімді дамуының белгісі болып табылады», - деді Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары Сергей Хорошун ұжымға марапатты ұсыну салтанаты барысында.
«Астанагорархитектура» ЖШС марапаттау туралы шешім 2013 жылғы 18 желтоқсанда Лондонда жария етілді.
Кәсіпорынға 5 жылға тиісті лицензия беріліп, тиімді, қарқынды дамып жатқан компаниялар мен өңірлердің жалпы еуропалық тізіліміне енгізілді. Бұдан басқа, компания директоры Қасымбек Айтымов атаулы сертификатпен және «Best Manager of the Year» («Жылдың үздік топ-менеджері») төсбелгісімен марапатталды.