Күрделі ем-домды Ұлттық нейрохирургия орталығының нейрохирургтері мен ана мен бала ғылыми орталығының акушер-гинекологтары бірлесіп жасады. Жүкті келіншектің жағдайына алаңдаған мамандар бас нейрохирур Серік Ақшолақовтың басшылығымен шұғыл консилиум өткізіп, бірауыздан операция жасау туралы шешім қабылдаған.
Нейронавигациялық жүйені қолдана отырып жасаған ем-дом шарасы шамамен сегіз сағатқа созылды. Қазір ана мен жаңа туған нәрестенің жағдайы жақсы. Анасының көру қабілеті де қалпына келе бастаған. Келіншек Ұлттық нейрохирургия орталығының, ал шақалақ Ұлттық ана мен бала ғылыми орталығы мамандарының бақылауында.