Ел біріншілігіне Қазақстанның 14 өңірінен келген 80-нен астам спортшы қатысып, өзара мықтыны анықтады.
Жеке бағдарлама бойынша командалық есепте Астана қаласының құрамасы І орынды иеленді.
Команда құрамында:
• Ақмарал Ерекешева;
• Айбота Ертайқызы;
• Айым Мейіржанова;
• Дария Көшербаева.
Жеке бағдарламадағы көпсайыс финалында:
• І орын – Ақмарал Ерекешева;
• ІІІ орын – Айым Мейіржанова.
Ал топтық бағдарлама бойынша көпсайыс финалында №1 Ұлттық құрама командасы І орынға ие болды.
Команда құрамында:
• Жасмин Жүнісбаева;
• Аида Хәкімжанова;
• Кристина Чепульская;
• Мадина Мырзабай;
• Айзере Кеңес;
• Айзере Нұрмағамбетова.
Айта кетейік, жарыс жеке және топтық жаттығулар бойынша өтті. Гимнастар шығыршық, доп, таспа және шоқпармен өнер көрсетсе, топтық жаттығуларда бірнеше композициялық бағдарлама ұсынылды.
Айта кетейік, көркем гимнастикадан Әзербайжан астанасы Баку қаласында өткен әлем кубогының 3-кезеңінде ел намысын қорғаған елордалық Ақмарал Ерекешева жүлдегерлер қатарынан көрінген болатын.