«Ұзақмерзімді ұсыныс – елордада жерасты метрополитенін салу туралы ойлану керек. Бейбіт уақытта ол жол қозғалысы қызметін атқарады. Төтенше жағдай қаупі төнсе метро жерасты бомбадан қорғанатын орынға айналады», - деді депутат Динара Оразалина мәслихатта өз пікірін ортаға салып.
Оның мәлімдеуінше, аталған объектіні салу арқылы бірнеше мәселені шешу мүмкіндігі бар.
Еске сала кетсек, елордада «Астана LRT» желісі салынып жатыр. Әкімдіктің мәліметінше, биыл жоба құрылысына 52,4 млрд теңге бөлінді.
Одан бөлек, елорда әкімі LRT жобасын 2 жылдың ішінде аяқтауды жоспарлап отырғанын мәлім еткен еді.