Астана әкімідігінің хабарлауынша, бұған дейін де қолөнер туындыларымен көпшіліктің назарын аударған ұстаз бұл жолы өзі еңбек ететін мектептің үлкен залында ерекше құрылым тұрғызған.
Кітап мұнарасы ата-аналар мен оқушылардың қызығушылығын тудырған.
— Туындының ерекшелігі — шексіздік әсерін қалыптастыруында. Залдың ортасына орнатылған мұнара сырт көзге бірнеше метрден аспайтындай көрінеді. Алайда оған жақындап, ішіне үңілген адам құрылымның ұшы залдың төбесінен әлдеқайда биікке созылып жатқандай әсер алады, — делінген хабарламада.
Мұндай оптикалық иллюзия еден мен төбеге орнатылған айналардың көмегімен жасалған. Жарқынәлі Ошаев бұл туындысы арқылы кітаптың адамзатқа шексіз білім мен ақпарат әлеміне жол ашатынын көрсетуді мақсат еткен.
Жобаны жүзеге асыру кезінде қауіпсіздік талаптары да ескерілген. Ал мұнараға қажетті жеті мың кітапты мектеп мұғалімдері мен оқушылары жинап берген.
Еске салайық, бұған дейін Астанада Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 154 жыл толуына орай ерекше іс-шара өткенін жазған едік.